Ғұсман Қырғызбаев: Олимпиададан соң күреске деген шабытым қайта ашылды

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев өзінің спорттағы мансабына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ғұсман Қырғызбаев: Олимпиададан соң күреске деген шабытым қайта ашылды
фото: olympic.kz
Автор
Админ
331

«Шынымды айтсам, Олимпиададан кейін күреске деген шабытым ашылды.  Кішкене демалған соң, ірі додаларға қайта дайындала береміз. Олимпиада медалі мен үшін аса құнды медаль. Орны ерекше. Олимпиадалық ауылда тұрған соң, жүлдегер атанғаным қатты білінбеген. Өйткені, бәрі медаль алып жатыр ғой. Елге оралған соң, халық  сый-құрметін көрсетуде. Қазақстан дзюдо тарихында атым қалып, кішігірім ерлік жасағанымды енді түсініп жатырмын», - дейді спортшы.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасында 66 келі салмақта қола медаль еншіледі.

Серіктес жаңалықтары