Қызылордада Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары сотталды

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылордада Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары сотталды
Антикор
300

Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық сотымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А. Қасымбаев пен кәсіпкер Ж. Сәкенов сотталды.

Олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары