Еліміздің барлық аймағында балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық 20 өңірінде балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы жұмыс істей бастады.

Еліміздің барлық аймағында балаларға психологиялық қолдау көрсету орталығы ашылды
istockphoto.com
Автор
Админ
276

Басты міндет – балалардың, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық және әдістемелік көмек көрсетуді күшейту мақсатында жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы атап өткендей, бұған дейін орталықтардың қызметін бір жүйеге келтіру үшін бірыңғай үлгі бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген болатын. Онда тапсырмалар, жұмыстың негізгі бағыттары, штаттық кесте және мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары егжей-тегжейлі көрсетілген. Әсіресе, орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше назар аударылады.

«Бұл орталықтар педагог-психологтар үшін қолдау ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен балалар дер кезінде және білікті көмек ала алатын орта. Балалар психологиялық көмекке жүгініп қана қоймай, медициналық, құқықтық және әлеуметтік көмек ала алады. Бұл біздің балаларымыздың және жалпы қоғамның болашағы үшін маңызды», – дейді Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, орталықтардың ашылуы 2023-2025 жылдарға арналған Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары