576
Өскемен сыртында табылған мәйіт: келіншекті өлтірді деген күдікті ұсталды
Өскемен қаласының сыртынан 45-50 жастағы әйел адамның мәйіті табылған болатын. Оның денесінде жарақат іздері болған.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті тұтқындалды.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде бұрын сотталған, басқа қаладан келген, 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол 13 тамызда қала сыртында әйелді өлтірді деген күдікке ілінді»-делінген полиция хабарламасында.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.