3 адам қаза тапқан дәмханадағы жарылыс: күдікті сотталды

5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

3 адам қаза тапқан дәмханадағы жарылыс:  күдікті сотталды
БҚО ТЖД
384

Орал қалалық соты 4 қаңтарда «Rizyq» кафесінде болған жарылысқа кінәлі тұлғаға үкім жариялады.

Сот отырысы барысында сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті жұмысшыларына артпақ болды.

Алайда мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымы және сотқа ұсынған сотталушылардың кінәлілігін растайтын бұлтартпас дәлелдемелері айыптау үкімін шығаруға ықпал етті.

«Нәтижесінде сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, мекемелерде әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық-өкімдік қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», - деп хабарлады прокуратура.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, жеке кәсіпкер және «Rizyq» кафесінің басшысы «У» есімді сотталушы газ жабдықтарын қолданудың белгіленген ережелерін бұзып, салдарынан жарылысқа және кафе ғимараты бөлігінің құлауына әкеліп соққан.

Оқиға салдарынан үш адам қаза болып, бес адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған.

Серіктес жаңалықтары