Жәбірленушілер Атбасар түрмесіндегі адам шошырлық азаптау ісі жайлы айтты

Сот жәбірленушілерден жауап алуды бастады.

Жәбірленушілер Атбасар түрмесіндегі адам шошырлық азаптау ісі жайлы айтты
видеодан алынған скрин
365

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы түрмеде азапталған жәбірленушілерден жауап алу басталды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Басты айыпталушы Тимур Дәнебаев колонияда бейнеконференция арқылы куәлік беруден бас тартты. Бұған дейін Дәнебаев сот отырысына қатысуға өтініш білдірген. Алайда конвой қызметі техникалық себептермен айыпталушы мен сотталған 44 жәбірленушіні бір уақытта сот залына алып келе алмайтын болғандықтан, сот өтінішті кері қайтарды. Осыған байланысты жәбірленушілер Zoom бейне қоңырауы арқылы жауап беруде", – делінген ақпаратта.

Сот жәбірленушілерден жауап алуды бастады. Бірінші жауап алынған Р есімді жәбірленуші Атбасар колониясында өзін ұрып-соққанын растады. Соның салдарынан ол 2023 жылдың тамыз айында асқазанын шегемен тесіп, өзіне қол салмақ болған.  Артынша аудандық орталық ауруханаға жеткізілген.

“Резеңке таяққа презервативті кигізіп, бір жеріңе кіргізетін", – деді Р есімді жәбірленуші. 

Жауап алу кезінде сотталушылардың адвокаттары алқабилердің назарын түзеу мекемелерінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан жәбірленушілердің өмірбаянына аударуға тырысты. Алайда, судья бұл мәселелерді Атбасар колониясының бұрынғы қызметкерлеріне тағылған айыпқа қатысы жоқ екенін айтып, ақпаратты іске қосудан бас тартты. Қылмыстық іс бойынша жалпы есепте 44 адам жәбірленуші деп танылды.

Айта кетейік, журналист Вадим Курамшин Facebook желісінде Атбасар қаласындағы қатаң режимдегі түрмеде түсірілген азаптау видеосын жариялаған болатын. Видеода колония қызметкері тұтқынмен әңгімелесіп, оның дәретхана тазалаудан не үшін бас тартқанын анықтап сұраған. Сотталушы дәретханадан басқа барлық үй-жайды жууға дайынмын деп жауап берген. Содан кейін формадағы офицерлер тұтқынды құлатып, офицерлердің бірі оны дубинкамен ұрып-соққан. 

Артынша ішкі істер министрлігі Атбасарда түрмедегі азаптау видеосына қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары