«Үстінде тек іш киімі бар»: Тағы бір әнші Алматыда жанжал шығарды

Өнер иесі ауруханадағы ресепшндегі әйнекті шағып, медбикені балағаттаған.

«Үстінде тек іш киімі бар»: Тағы бір әнші Алматыда жанжал шығарды
Telegram / Kozachkov offside
16256

Әнші Алтынбек Тәшімбетов ішімдік ішкені және медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлады turkystan.kz сайты «Kozachkov offside» Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Дүйсенбі күні Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына денесінде жарақат іздері бар өнер иесі жеткізілді. Оның үстінде тек іш киімі болған. Әнші өзін жұлдыз ретінде ұстап, қабылдау бөлімінде жанжал шығарды. Ол ресепшндегі әйнекті шағып, медбикені балағаттаған. Ашуға булыққан әншіні полицейлер сабасына түсірді», - деп жазылған мәтінде. 

Алматы Полиция департаменті әнші Алтынбек Тәшімбетовтің әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот алдында жауап беретінін мәлімдеді. 

Өнер иесінің заңсыз әрекеттері екі бап бойынша рәсімделді: қоғамдық орында мас күйінде пайда болуы (ӘҚБтК 440, ең жоғары жаза - 5 АЕК айыппұл) және медицина қызметкерлеріне құрметсіздік таныту (80-1-баптың 2-бөлігі). Екінші жағдай бойынша әртіс 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары