Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға түсті

ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5516 әскери бөлімінің бір топ әскери қызметкері сырқаттанып қалған.

Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға түсті
Gov.kz
458

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі әскери қызметкерлердің Теміртаудағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын растады.

ҚР Ұлттық ұланына қарасты 5516 әскери бөлімінің бір топ әскери қызметкері сырқаттанып қалған.

"36 әскери қызметкер ауруханаға жатқызылды, олардың 31-і жедел ішек инфекциясы және бес әскери қызметкер жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ауырып жатқандардың жағдайы қанағаттанарлық, жаңа шағымдар тіркелген жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

 

 

Серіктес жаңалықтары