Жыл басынан бері елге 10 мың қандасымыз көшіп келген

Биыл 1 тамызға дейін 10 134 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған.

Жыл басынан бері елге 10 мың қандасымыз көшіп келген
фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Автор
Админ
295

1991 жылдан бері 1 млн 138,5 мың этникалық қазақ көшіп келген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Биыл көшіп келген қандастар Қытайдан (47,5%), Өзбекстаннан (37%), Түрікменстаннан (5,8%), Моңғолиядан (5,2%), Ресейден (3,2%) және 1,3%-ы басқа елдерден келген.

Биыл келгендер арасында еңбекке қабілетті жастағы азаматтар саны - 59%, кәмелеттік жасқа толмағандар – 31,3%, зейнеткерлер – 9,7% құрайды.

Олар Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстандырылған.

Жоғарыда аталған өңірлерге келген қандастарға көшіп келу үшін отбасының әр мүшесіне 258,4 мың теңге көлемінде субсидия, бір жыл бойы баспана жалдау және коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайын 55,3 мың теңгеден 110,7 мың теңгеге дейін көмек беріледі.

 

Серіктес жаңалықтары