Сот ісі электронды түрде жүргізілмек

Сот ісі электронды түрде жүргізілмек

Сот ісі электронды түрде жүргізілмек
ашық дереккөзі
1384
Астана қаласында «Электрондық сот ісі» пилоттық жобасы аясында 400-ге жуық іс қаралды, деп хабарлайды Астана арнасы. «Электрондық сот ісі» жобасының нәтижесінде қағазбастылық азайып, уақыт үнемделіп, азаматтық істер жедел жүре бастағанға ұқсайды. Астана қаласының Сарыарқа ауданы сотында тілшілер назарына аталмыш жобаның артықшылықтары көрсетілді. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні әр сот кабинеті видео, аудио құрылғылармен толық жабдықталғандықтан, жобаға қосымша қаржы да көп кетпейді екен. Ең бастысы, қарапайым халық процестің қандай кезеңде  жүріп жатқанын, сот табалдырығын тоздырмастан, біліп отыруға мүмкіндік алды. «Жұртшылықтың бұл жобаға деген көзқарасы оң. Себебі іс бұрынғыға қарағанда неғұрлым тез қаралады. Жоғарыда айтқандай, кезекте тұрмайды, сотқа келудің де қажеті жоқ. Ғаламторға арқылы шағымын, құжаттар  тіркеп береді бізге»,  –  деді Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Арман Жүкенов. Сонымен қатар, электронды құжаттардың қауіпсіздігі де басты назарға алынып отыр. Бұл қадам тұрғындардың сот ісіне деген сенімін арттырып,  адами факторлардың қатысуын төмендету мақсатында қолға алынған. Айта кетейік, Қазақстан – ТМД елдері ішінде сот ісінде «Электрондық сот ісі» жобасын жасап отырған алғашқы мемлекет.

Серіктес жаңалықтары