Павлодарда төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін
Комиссия мүшелері бірауыздан «Павлодар қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы» дауыс берді.
Шешімнің жобасы жария талқылануы үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған, деп хабарлады turkystan.kz.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның кезектен тыс отырысы барысында комиссия мүшелері бірауыздан «Павлодар қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы» дауыс берді.
– 2024 жылдың маусым айында Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөліміне Сәтбаев көшесіндегі № 253 көппәтерлі үйдің тұрғындарынан апаттық шатыр бойынша шаралар қабылдау мәселесімен ұжымдық өтініш түсті, – деді қалалық әкімдікте.
«СтройТех-PVL» ЖШС қорытындысы бойынша, объектінің конструкцияларын сараптамалық бағалау мақсатында ғимараттың жабыны мен шатырын техникалық тексеру бойынша жұмыстар орындалған. Объектіні жалпы және сараптамалық тексеру материалдары бойынша жабынның темірбетон плиталарының алтауы апаттық жағдайда екені анықталған.
Плита жабынының бұзылуы ағымдағы жөндеусіз ұзақ мерзімді пайдаланудан туындаған. Ұзақ уақыт тұрғанның салдарынан жабын тақтасы бұзылған. Жауын-шашын мен қар сияқты қалыпты емес климаттық жағдайлар плитаның жұқа қабырғаларының бұзылуына әкелді.
«Қазгидромет» филиалының дерегінше, 10 тамызда жауын-шашынның тәулігіне 9,4 мм-ге жеткен, ал желдің ең жоғары жылдамдығы секундына 13 метрді құраған. Сондай-ақ дауылды ескерту жарияланды.
Онлайн талқылау 21 тамызда сағат 15:00-де ақталды. Аталған шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.