425
Жыл соңына дейін 27 жатақхана пайдалануға беріледі
2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жыл сайын 10 мың орындық жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Елімізде жыл соңына дейін 10 576 адамға арналған 27 жатақхана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бүгінге дейін 4650 орындық 17 жатақхана берілген. Атап айтқанда Түркістан облысында 370 орындық, Жамбыл облысында 100 орындық, Атырау облысында 490 орындық, Павлодар облысында 189 орындық, Қостанайда 324 орындық, Алматыда 1040 орындық төрт жатақхана, Шымкентте 930 орындық үш жатақхана, Астанада 1207 орындық үш жатақхана пайдалануға берілген.