"Бұрынғы күзетші болуы мүмкін": Босния және Герцеговинада қарулы шабуылдан 3 мұғалім қаза тапты

Қарулы шабуыл мектеп ғимаратында, мұғалімдер жиналысы өтіп жатқан кезде болған.

"Бұрынғы күзетші болуы мүмкін": Босния және Герцеговинада қарулы шабуылдан 3 мұғалім қаза тапты
сурет: istockphoto.com
921

Босния және Герцеговинадағы мектепте 3 мұғалім оққа ұшып қаза тапты. Күдікті ретінде мектептің бұрынғы қызметкері қарастырылуда, деп жазды euronews.com.

Боснияның солтүстік-батысындағы Сансики Мост гимназиясында үш мұғалім оққа ұшты. Қарулы шабуыл мектеп ғимаратында, мұғалімдер жиналысы өтіп жатқан кезде болған. Шабуылшы, мектептің бұрынғы күзетшісі болуы мүмкін деген күдік бар, ол автоматты қарумен оқ жаудырған.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:15 шамасында орын алған атыста тағы бір адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, қаза тапқандар арасында мектеп директоры Нияз Халилович, ағылшын тілі мұғалімі Гордана Миджан және хатшы Нисвета Клюнич бар. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Аймақтық N1 телеарнасының хабарлауынша, күдікті Мехемед Вукалич мектеп басшылығымен жанжалдасқан. Ол мектеп директоры мен басқа да қызметкерлерге оқ атып, кейін өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген, бірақ кеудесіне алған жарақатынан аман қалып, ауруханаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары