312
Қазақстанның ең көп урбанизацияланған облыстары аталды
Соңғы бес жылда Қазақстанда облыстық деңгейдегі 2 қала, аудандық деңгейдегі 1 қала пайда болды.
Қазстат дерегінше қазіргі таңда қала мәртебесі берілген 90 елді-мекен бар. Олардың ішінде:
39 – облыстық деңгейде;
48 – аудандық деңгейде;
3 – республикалық деңгейде.
Қала халқы 62,7% дейін өскен. Бұл 12,6 млн адам.
Алматыда 2,2 млн, Астанада 1,4 млн, Шымкент – 1,2 млн тұрғын бар.
Облыстар арасында ең көп урбанизацияланғаны Қарағанды облысы – 927 мың, Ақтөбе облысы – 709 мың адам.