«Ашыққан иттер бір-бірін жеген»: Астанадағы иттер орталығына айыппұл салынды

Астанада иттерге арналған орталыққа жануарларға дұрыс қарамағаны үшін айыппұл салынды.

«Ашыққан иттер бір-бірін жеген»: Астанадағы иттер орталығына айыппұл салынды
видеодан скриншот
Автор
Админ
378

Әлеуметтік желіде қоқысқа толы орталықты кезіп жүрген аш иттер түсірілген видео тарады. Автордың айтуынша иттер аштықтан бірін-бірі жеген.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасының мәліметінше орталық 2023 жылдың қазанында «Стоп отлов» жеке қорына сенімгерлік басқаруға берілген.

«Көктал-2 ауданы тұрғындарының тарапынан арыз-шағым көбейгенін ескере отырып, 20 тамызда жауапты тұлғаға қатысты «Жануарларды ұстау» заңын бұзу туралы кодекстің 407-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды»-делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 10 АЕК (36 920 теңге), лауазымды тұлғаларға 20 АЕК (73 840 теңге), заңды тұлғаларға 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары