«Белбеумен байлаған»: СҚО-да ауыл әкімі наркологқа жеткізілген

Сондай-ақ ол 15 тәулікке қамалып, сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

«Белбеумен байлаған»: СҚО-да ауыл әкімі наркологқа жеткізілген
КТК арнасы
472

Петропавл маңындағы Бескөл ауыл округының әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды, деп абарлады turkystan.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Қызмет көлігін мінген шенеунік медициналық тексерістен өтуге қарсылық білдіргендіктен, полиция сараптамаға күштеп апарған.

«Медициналық сараптама тәртібі бойынша психоактивті заттар қолданғанын және масаң күйін анықтау міндетті болып саналады. Куәландыруға қарсылық білдірген адам кінәлі болып есептеледі. Қолдағы бейнематериалдарда нарколог дәрігердің Қанат Дарбаевке осының бәрін түсіндіріп жатқаны анық көрсетілген. Оның сараптамадан бас тартуы –  орта деңгейдегі масаң күймен теңестірілді», - деді судья Динара Рахимберлина.

Ауыл әкімі алкоголь ішкен ішпегенін куәландырудан бас тартқаны үшін 15 тәулікке қамалып, сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Алайда шенеунік бұл шешіммен келіспей отыр. «Арақ атаулыдан адамын» деген азамат мұны өз қызыметімен байланыстырып отыр. «Жұмысыма кедергі келтіру үшін жағдайды әдейі ушықтырды» дейді. Сондықтан өзі де сотқа шағымданбақшы.

«Кесілген 15 тәулік мерзімімді өтеп келген соң, жоғары сотқа шағымданамын. Олар да мені айыпты деп таныса, онда Әдеп кеңесі маған не тәртіптік жаза қолданып, не қызметімнен босатады. Бәрін уақыт көрсетеді», - деді Бескөл ауыл округының әкімі Қанат Дарбаев.

Серіктес жаңалықтары