30 жаяу жүргінші белгісі бар көше желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Тұрғындардың айтуынша, белгі тұрғанымен, көлік жүргізушілері оны елемейді.

30 жаяу жүргінші белгісі бар көше желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
скриншот
577

Атырау қаласындағы Еркінқала ықшам ауданында орналасқан көше әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Себебі бір көшеде 30 жаяу жүргіншілер жолағы орнатылған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, белгі тұрғанымен, көлік жүргізушілері оны елемейді.

«Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес мердігер мекеме жобаны жасақтап жатыр. Жоба бойынша әр белгі көрініп тұр. Белгі салынбауы керек дегеннің өзінде ол жобада тұрған нәрсе. Жоба әлі қабылданбаған. Қабылданған күні әр белгіні қабылдап аламыз. Сондықтан мердігер мекеменікі дұрыс. Жобада тұрса, салынуы керек. Бәрі біткен соң жолдағы жолақтар сызылады. Артынша біз жобаны қабылдап аламыз», - дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімінің бас маманы Қуанышбек Қабдығали.

Серіктес жаңалықтары