Астаналық жігіт бұрынғы қалыңдығының үйінен қымбат білезігін ұрлап, жаңа қалыңдығына сыйлаған

Елордада ерекше жағдай орын алды.

Астаналық жігіт бұрынғы қалыңдығының үйінен қымбат білезігін ұрлап, жаңа қалыңдығына сыйлаған
istockphoto.com
Автор
Админ
528

23 жастағы жігіт бұрын көңіл жарастырған қалыңдығының сеніміне кіріп, үйіне қонуға келгенде құны 200 мың теңге тұратын Pandora білезігін ұрлап кеткен. Бұл туралы рolisia.kz хабарлады.

Жәбірленуші білезігінің ұрланғанын бір аптадан кейін, жігіттің қазір көңіл қосып жүрген қалыңдығының Stories-інен өзінің білезігін көргеннен кейін ғана білген. Дереу полицияға шағым түсірген.

Күдікті кінәсін мойындады. Білезік иесіне қайтарылды.

 

Серіктес жаңалықтары