447
Прокурор Гүлмира Сатыбалдыға 13 жыл сұрады
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының отырысында прокурор Гүлмира Сатыбалдыға 13 жыл жаза кесуді сұрады.
Гүлмира Сатыбалдыға адамды еркіндігінен заңсыз айыру, бопсалау баптары бойынша айып тағылып отыр.
«Құқық бұзушылықтардың жиыны бойынша жазаны ішінара қосу арқылы 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орташа қауіпсіздік дәрежесіндегі қылмыстық-түзету мекемесінде өтесін. Қызылорда қаласының 2023 жылғы 30 маусымдағы үкімін ескере отырып, ҚПК 58-бабының негізінде жазасын ішінара қосу арқылы Гүлмира Сатыбалдыға түпкілікті 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын»-деді прокурор.
Ал екінші сотталушы Мади Батыршаевқа прокурор 126-бап бойынша 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алдыңғы үкімді ескергенде жалпы 10 жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс.