Қазақстан бокс федерациясы Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті
Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды.
«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», - деді бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.
Еске сала кетейік, Мырзағали Айтжанов бокстан ұлттық құраманы 2023 жылдың қаңтарынан бастап Париж Олимпиадасынан соң, қызметінен босатылған еді. Кейін Қайрат Сәтжанов бас бапкер болып тағайындалды.