Алтынай Жорабаева оқырмандарынан сүйінші сұрады

Әлеуметтік желіде танымал әнші Алтынай Жорабаева көпшіліктен сүйінші сұрады.

Алтынай Жорабаева оқырмандарынан сүйінші сұрады
сурет ашық дереккөзден алынды
1647

Танымал жұлдыз Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында үлкен қызының оқуға түскенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы Аяулым Қытайдағы Бейжің университетінің грантын ұтып алды. Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітірген. Сол аралықта жұмыс істеп әрі шет тілдерін меңгеріп жүрді.

"Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап: “ Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың ! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсейші. Мысалыға біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой", - депті. Сөйтіп Аяулым міне бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздермен бөлісіп жатырмыз.Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!", - деді әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.


 

Серіктес жаңалықтары