Желіде Қаройда қора тазалап жүрген африкалық азаматтың фотосы пайда болды

Қазақстандық блогер ерекше фото жариялады.

Желіде Қаройда қора тазалап жүрген африкалық азаматтың фотосы пайда болды
сурет ашық дереккөзден алынды
576

Әлеуметтік желіде миллиондаған оқырманы бар блогер Қайсар Қамза африкалық азаматпен түскен фотосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

 Африкалық жігіт қазақстанда «Тауасар» атымен танылған. Ол блогер Қайсар Қамзамен бірге влог жүргізеді. Екеуі кезекті сапарын блогердің туған жері Қаройға ұйымдастырған. Онда олар табиғатқа шығып, балық аулап, серуен құрған. Блогер жариялаған видеодан олардың қораның қордасын шығарып, тазалық жұмыстарын істегендерін де көруге болады.

Сондай-ақ олар ауылдың туризмін насихаттап, жол мәселесін көтерген.

Халық блогердің жазбасының астына "Тауасар өзіміз болып қалды ғой", "Тауасар таза ауылдың қара баласы болды ғой" деген пікірлерді жазып жатыр.

Айта кетейік, блогер мен оның африкалық досы қораны видеоға түсу үшін арнайы тазартқан.

 

Серіктес жаңалықтары