Тележүргізуші Қымбат Досжан немересіне ерекше есім берді

Журналист Қымбат Досжан немересінің есімін қойды

Тележүргізуші Қымбат Досжан немересіне ерекше есім берді
сурет ашық дереккөзден алынды
611

Жақында немерелі болған Қымбат Досжан көпшілікке сәбидің есімін жариялады, деп хабаралады turkystan.kz.

"Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты - қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың. Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен", - деп жазды журналист. 

Қымбат Досжан Асқар Сүлейменовпен алғашқы кездесуін еске алып, немересіне жазушының анасының есімін беруді ұйғарған екен.

"Осындай мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш "Жетінші палата" спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құс мұрынды келбетіне таңғалған едім. Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді. Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды", - деді ол. 

Әлеуметтік желіде тележүргізуші Қымбат Досжан оқырмандарынан қазір қандай есім ұнайтындарын сұраған.

"Ал сіздер ұл-қыздарыңызды қалай атап жүрсіздер? Европаша ма, арабша ма, әлде қазақша ма? Қай ұлттың есімі ұнайды?" - деген жазба жариялады журналист желіде. 

Айта кетсек, осыдан екі күн бұрын Қымбат Досжан немерелі болғанын сүйіншілеткен еді.

Серіктес жаңалықтары