Ләйлә Сұлтанқызы: Елімізде күніне екі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады

Ләйлә Сұлтанқызы әйелдер қауымына үндеу жасады.

Ләйлә Сұлтанқызы: Елімізде күніне екі әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады
сурет ашық дереккөзден алынды
485

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік  желідегі парақшасында қыз-келіншектерге жатыр мойны обырының алдын алу үшін скринингтен өту керектігін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

"Мәриям" қорының негізін қалаған журналист Ләйлә Сұлтанқызы жыл сайын елімізде бұл дерттен екі адам қайтыс болатынын жазды.

«Скрининг өттің бе?» деп сұрадым әйелдерден… «Жоқ, қайда тексертеміз?», «Скринингке шақырды, қыз болған соң тексермеді», т.б. Жауаптардың бірқатары осындай… Соңғы жазған келіншектің сырқаты-жатыр мойны обыры. Ол жаман ауру ВПЧ-ға (Адам паппилома вирусы) мазок тапсырғанда ғана анықталады. Нақты мәлімет: Елімізде күніне 2 әйел осы аурудан көз жұмады. Осы ақпратты қорытып, интернет ақтарып, білмесеңіз танысып, соңғы рет скринингке қашан барғаныңызды есіңізге түсіріңізші. Араларыңызда сырқат жандар, туысы ауырып қалғандар жағдайларыңызбен бөлісіңіздерші.

Сондай-ақ тележүргізуші өзі де жақында зертханаға талдамаларын өткізіп тексерілгені жайлы бөлісті. 

Серіктес жаңалықтары