Қызылордада тісін жұлдырған бүлдіршін мүгедек болып қалған

Қызылордалық келіншек баласын Қалалық орталық емхана жанындағы балалар стоматологиясына апарған. Стоматолог баланың тісін жұлған.

Қызылордада тісін жұлдырған бүлдіршін мүгедек болып қалған
istockphoto.com
Автор
Админ
397

Алайда дәрігердің салғырттығы ауыр салдарға әкеліп соқты. Баланың тісі мен жағы қабынып, бірнеше операция жасатып, мүгедек болып қалған. Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты хабарлады.

Арада алты ай өткеннен кейін баланың жағы қайтадан ісіп, іріңдеп, ата-анасы Алматыға апарып, ақылы түрде емдеткен.

«Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті анасының шағымы бойынша емханада тексеріс жүргізген. Емханадағы дантист клиникалық диагностика хаттамасын сақтамаған. Баланың тісін стоматологтың ассистенді, медициналық орта білімді маман жұлған. Ем алдында рентгенографиялық тексеру жүргізілмеген. Төменгі жағы қабынған»-делінген баспасөз хабарламасында.

Баланың анасы стоматологиялық клиникадан моральдық, материалдық өтемақы өндіру үшін сотқа арыз түсірген. Сот клиникадан 1,5 млн теңге өтемақы өндіру туралы үкім шығарды.

Серіктес жаңалықтары