409
«Зорлық-зомбылық көрсеткен»: Ресей, Украина азаматтарына іздеу жарияланды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей мен Украинаның бірнеше азаматына іздеу жариялады.
Оларға Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша айып тағылған. Ал қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды.
Іздеу жарияланған тұлғалар тізімі:
Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.