Қазақстан Паралимпиадашылары туралы 5 дерек

Жалпы са­ны қазақстандық 44 спортшы спорт­­тың 9 түрінен (пара жүзу, пара пауэр­лиф­тинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волей­бол­ды оты­­рып ойнау, пара нысана көз­деу, па­ра үстел теннисі, пара дзю­до) бақ сы­най­ды.

Қазақстан Паралимпиадашылары туралы 5 дерек
сурет: Туризм және спорт министрлігі
374

Кеше XVII жазғы Паралимпиадаға қа­тысатын спортшыларымыздың ал­ғашқы легі Парижге аттанды. Жалпы са­ны қазақстандық 44 спортшы спорт­­тың 9 түрінен (пара жүзу, пара пауэр­лиф­тинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара таэквондо, волей­бол­ды оты­­рып ойнау, пара нысана көз­деу, па­ра үстел теннисі, пара дзю­до) бақ сы­най­ды. Осы орайда біздің құрама туралы 5 тың деректі ұсынуды жөн көрдік. 

1. Париждегі додаға бұған дейінгі Пара­лим­­пиа­да бәсекелерінің қос чемпионы мен екі жүл­де­гері қатысады. Олар: Зүлфия Ғаби­дул­лина – Рио Паралимпиадасының чем­пио­ны, Давид Дег­тярев – Токио Паралим­пиа­дасының чем­пио­ны, Нұрдәулет Жұмағали – Токио Пара­лим­пиа­да­сының қола жүлдегері және Раушан Қойшы­баева – Рио Паралимпиа­да­сының күміс жүл­де­гері.
2. Құрамадағы ең жас спортшы – Альфия Ті­лек­қабыл (пара дзюдо, 18 жаста). Ең егде спорт­­шы – Зүлфия Ғабидуллина (пара жүзу, 59 жаста). 
3. Волейболды отырып ойнаудан Қазақ­стан ұлт­тық құрамасы әлемдік рейтингте 75 елдің ішін­де 6-орында тұр.
4. Қазақстан спортшылары биыл алғаш рет пара үстел теннисінен Паралимпиада жол­дама­сын жеңіп алды. Еліміздің намысын бұл сында Әли Мақұлбеков қорғайды.
5. Ең тәжірибелі спортшы – Зүлфия Ғаби­дул­ли­на. Биыл ол төртінші Паралимпиа­да­сында бақ сы­найды.

Серіктес жаңалықтары