394
Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті.
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті.
Грек-рим күресінен 51 келіде финалға шыққан Алпамыс Болатұлы ақтық сында америкалық Джэйден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ 80 келіде белдескен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкаринге 0:3 есебімен жол берді. Еркебұлан да әлем біріншілігінің күмісін иеленіп отыр.