Мәжіліс депутаттары мектептердің жағдайын көріп қайтты

Былтыр облыс орталығындағы төрт мек­тепте орын тапшылығы болып, қосым­ша ғимараттар салынды. Сондай-ақ биыл жыл басында 1 170 орындық төрт мектеп пен 550 орындық екі мектеп пайдалануға бе­рілді.

Мәжіліс депутаттары мектептердің жағдайын көріп қайтты
сурет: amanatpartiasy.kz
352

Мәжіліс депутаттары, «АМАNАТ» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласы Мерей шағын ауданындағы №211 орта мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 

Бүгінде Қызылорда облысында 300-ден астам мектеп бар. Алдағы оқу жылында өңір­де 17 мыңнан астам бала бірінші сы­нып­қа барады. Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласындағы жаңа оқу жылына дайындық барысын тек­сер­ді. Олар Мерей шағын ауданындағы №211 орта мектепке барды.
Мектеп директоры Айжан Әлімованың ай­туынша, мектептің іргетасы 1989 жылы қа­ланған, қазір мұнда 860 оқушы білім ала­ды. 35 жылдық тарихы бар білім орда­сы­на «АМАNАТ» партиясының облыстық сай­лауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жүріп жатыр. 

– Мердігерлер кестеге сай қатаң тәр­тіп­пен жұмыс істеп жатыр. Күрделі жөндеудің өзі мамыр айында басталды, қар­жы­лан­дыру­ға немесе құрылыс материалдарын са­тып алуға еш кедергі жоқ. Жобаның жал­пы құны шамамен 365 миллион теңгені қ­ұрайды. Сыртқы қаптау жұмыстары аяқ­талып, терезелер мен шамдар ауыстырылды. Үстіңгі қабаттарға жаңа радиаторлар ор­на­тылып, тақтайшалар төселді. Қазір құ­ры­лысшылар ауланы жабдықтап, тас төсеп, спорт­тық құрал-жабдықтар орнатып жа­тыр. Сонымен қатар мектеп жиһаздары мен оқу құрал-жабдықтары толығымен жаңар­тылады, – деді мектеп директоры.
Былтыр облыс орталығындағы төрт мек­тепте орын тапшылығы болып, қосым­ша ғимараттар салынды. Сондай-ақ биыл жыл басында 1 170 орындық төрт мектеп пен 550 орындық екі мектеп пайдалануға бе­рілді.

 «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасы мен «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағ­дарламасы аясында бүгінде облыста 12 300 орындық 21 мектеп салу жоспарланған. Ал 6 900 орындық 10 мектеп салынып жа­тыр. Қалған мектептер 2025 жылы пай­да­лануға беріледі. Бұл шаралар облыстағы апат­ты және артық жүктемемен жұмыс іс­теп тұрған мектептердің мәселесін толы­ғы­мен шешеді. Сонымен қатар облыста бі­лім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есе­бінен 400 орындық физика-математика мек­теп-интернаты мен Шиелі ауданында 100 орындық мектеп салынуда. 

– Білім сапасы мен мектептердің қол­же­тімділігі әрқашан өзекті. Сондықтан пар­­тиямыздың «Халықпен бірге!» сайлауал­ды бағдарламасында оқушыларға жайлы орын­дар құру, жаңа мектептер мен бала­бақ­­шалар салу, шығармашылық және спорт­тық секциялар ашуды қарастырдық. 2025 жылы облыста бірде-бір қауіпті мек­теп болмауы керек. Бұл – Мемлекет бас­шы­сы­ның тікелей тапсырмасы. Балалардың қауіп­сіздігіне, дабыл түймелері мен бейне­ба­қылау камераларын орнатуға ерекше на­зар аудару керек, – деді депутат Мархабат Жайым­бетов.

Серіктес жаңалықтары