«Інімді де шығарып тастаған»: 6 жасында жетім қалған полицей Президентке өтінішін айтты

Ол жергілікті шенеуніктерден әділдік таппаған соң, Мемлекет басшысынан көмек сұрауға мәжбүр болған.

«Інімді де шығарып тастаған»: 6 жасында жетім қалған полицей Президентке өтінішін айтты
скриншот
659

6 жасында жетім қалған полиция қызметкері Геннадий Вездецкий Президенттен және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтан баспана алуға көмектесуді сұрап, желіде бейнеүндеу жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Геннадий Вездецкий Ақкөлдегі балалар үйінде тәрбиеленген. 13 жыл бойы пәтерге қол жеткізе алмай жүр. Ол жергілікті шенеуніктерден әділдік таппаған соң, Мемлекет басшысынан көмек сұрауға мәжбүр болған.

«Құрметті, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мен ата-анам жол апатынан қаза тапқаннан кейін, інілеріммен бірге балалар үйінде өстім. Қазір Макинск қаласы Бұланды ауданының кіші жедел уәкілі болыпқызмет атқарамын. Он үш жыл пәтер кезегінде тұрмын. Алайда баспана кезегін күтіп әбден шаршадым. Әкімдікке де бардым, олар «күтіңдер, күтіңдер» деп шығарып салады. Інімді де баспана кезегінен шығарып тастаған, себебін сұрасақ, ештеңе айпайды. Әлі ешкімнен көмек жоқ. Менің мәселемнің шешілуіне көмектесуіңізді өтінемін», - дейді Г. Вездецкий.

Серіктес жаңалықтары