Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
KZgovernment
446

Бұған дейін ол Үкімет аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша, ҚазГЮУ «юриспруденция» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «политология» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1993-2004 жылдары облыстық Қаржы басқармасында, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте жұмыс істеген. Сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық қызметтер атқарған.

2004-2009 жылдары – Ақмола облысының Қазынашылық департаментінің басшысы;

2009-2014 жылдары – Конституциялық кеес бөлімінің меңгерушісі;

2014-2015 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры;

2015-2018 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары;

2019-2020 жылдары – Премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі;

2020-2023 жылдары – Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болған.

Серіктес жаңалықтары