«Әкесі аялдамаға қалдырған»: Шымкентте 13 жастағы бала жоғалып кеткен

Әкесі дәрі-дәрмек алып келу үшін ауырып тұрған ұлын аялдамаға қалдырып кеткен.

«Әкесі аялдамаға қалдырған»: Шымкентте 13 жастағы бала жоғалып кеткен
istockphoto.com
973

Полицияға Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, аялдамаға уақытша қалдыра тұрған 13 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтты. Аталған хабарлама бойынша Созақ ауданының полициясы бірден әрекет етіп, баланы іздеуге жұмылдырылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar басылымының жазуынша, тәртіп сақшылары әкесі мен ұлының оқиғасын анықтап, олардың жүрген жолы бойынша тексерген. Дәмханалар мен ойын-сауық орталықтарын да назардан тыс қалдырмай, қарап шықты. Жоспарлы жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде, кәмелет жасына толмаған бала трассаның бойынан табылды.

Полицейлердің анықтауы бойынша, әкесі мен ұлы Шымкенттен Созақ ауданына көлікпен қыдырып келе жатқанда, жасөспірім баласы өзін жайсыз сезінеді. Денсаулығы сыр берген ұлына дәрі-дәрмек қажет екенін түсінген әкесі ұлын аялдамаға қалдырып, өзі дәріханаға кетіп қалған. Алайда дәріні дер кезінде жеткізгенімен ,баласын аялдамадан таппай қалады.

Қазір полицияның нәтижелі іздеу жұмыстарының арқасында бала отбасына аман есен табысталды. Ал әкесі сақшыларға шексіз алғысын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары