«Әйеліммен ажырасамын, сені жақсы көремін»: Әнару Қалдыбекқызы Жанқош Тұраровқа қатысты шындықты айтты

Жақында танымал боксшы Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған болатын. Ол қыз 28 жастағы Әнару Қалдыбекқызы.

«Әйеліммен ажырасамын, сені жақсы көремін»: Әнару Қалдыбекқызы Жанқош Тұраровқа қатысты шындықты айтты
Әлеуметтік желі
Автор
Админ
4314

Бүгін сұхбат беріп, боксшыға қатысты оқиғаны түгелдей баяндады, деп жазады Azattyq-ruhy.

«2018 жылы «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы маған өзі бірінші хат жазды. Менің суреттерімен лүпіл басып, үнемі хат жазып жүрді.  Мен ол кезде оның үйленгенін, бала-шағасы бар екенін білген жоқпын, боксшы екенін де білген жоқпын. 2018 жылдың ақпан айында мені кездесуге шақырды. Маған «сен пәк қызсың, сен таза қызсың, маған қатты ұнайсың» дейтін.  Содан бастап бір ай бойы маған хат жазып жүрді»-дейді Әнару.

Бойжеткеннің айтуынша боксшы оны алғаш рет қонақ үйде зорлаған.

«Әжем қатты ауырып жатыр. Хәл үстінде. Сені көрсеткім келеді, келші» деп бір мекен-жай жіберді. Ол маған қонақ үйдің мекен жайын жіберіпті. «Қазыбек» деген қонақ үйдің 4 қабаты, 404 нөмірін алыпты.  Мен ол кезде студент едім, жас едім, мен қонақ үйдің не екенін білмейтінмін. Кірсем, өзі ғана отыр екен нөмірде. «Апаңыз қайда?» деп едім, «қазір келеді» деді. Сосын маған сырттан келдің ғой, шөлдеген шығарсың, су іш» деп бөтелкедегі судан құйып берді. Ішкеннен кейін басым айналып, есімнен танғандай болып, жүре алмай қалдым. Аяқтарым қозғалмай қалды. «Жүр, жүр» деп төсек жаққа қарай апарып, төсекке жатқызды. «Басың айналып кетті, жата тұр» деді. Есімді жартылай білемін, жартылай білмеймін. Санам анық емес, сол уақытта мені ақырындап жатқызып, киімдерімнің бәрін шешті. Үстімде көйлегім болған, көйлегімді шешті. Аяғымнан, табанымнан, аяғымның башпайларын сүйе бастады. Мен қозғала алмай жаттым. Оянғанда ештеме түсінбедім. Есімді жисам, сағат түнгі 3-4 болыпты», - дейді ол.

Сол оқиғадан кейін боксшы қыздың қыр соңынан қалмай қойған.

«Мен Алматыдағы жағдайдың бәрін ұмытайыншы, жаңа өмір бастайыншы деп, Ақтауға кеттім. Ол артымнан Ақтауға келді. Астанаға барсам, Астанаға келеді. Алты жыл бойы менің бүкіл жастығымды, қыздығымды, пәктігімді құртты. «Әйеліммен ажырасайын деп жүрмін, оны жақсы көрмеймін, маған ұл бала керек, саған деген сезімім бар, сені жақсы көремін» деді. Мен оның сол сөздеріне сендім», - дейді Әнару Қалдыбекқызы.

Әнару арызды 19 тамыз күні жазған. Қазір іс тергеліп жатқан көрінеді.

«Полицияда беттестіру өтті. 20 тамызда беттестік. Беттестіру кезінде маған «Алла  разылығы үшін мені кешірші, мен сені ұнаттым, саған деген сезімім бар, мен сені ешқашан тастамаймын, мәңгілікке бірге боламыз» деді. «Мен саған істегенім үшін бәріне жауап беремін, бәріне көмек беремін. Саған 2 млн теңге жіберейін» деді. Мен «ақша да, ештеңе де керек емес, психологиялық жағдайым дұрыс, балалық шағым бақытты өтті, маған анамның өлімі мен сіздің маған істегеніңіз жара салды» дедім. Енді істі полиция тергеп жатыр», - деді бойжеткен.

Серіктес жаңалықтары