Республика бойынша алғашқы қоңырау қай күні өтеді?

Оқу-ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылының алғашқы қоңырауы қай күні өтетінін хабарлады.

Республика бойынша алғашқы қоңырау қай күні өтеді?
istockphoto.com
Автор
Админ
414

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша республика бойынша алғашқы қоңырау 1 қыркүйек, жексенбі күні өтеді.

Жаңа оқу жылында 345 мың бала бірінші сыныпқа бармақ.

«1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» шарасы өтеді. 2 қыркүйек – жаңа оқу жылының алғашқы сабақ күні. Бұл күні «Менің Отаным – Қазақстан» сынып сағаты өтіп, әрі қарай сабақтар кесте бойынша жалғасады»-деді министрлік.

Серіктес жаңалықтары