Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев сотталды

Сотталушының өзі кінәсін мойындады

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев сотталды
скриншот
512

22 тамызда Қарағанды қаласында онлайн-трансляция арқылы айыпталушы Дакебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Айыпталушы Нұрболат Дакебаев бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 107-бабы 2-тармағының 5-тармағы) және 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

 Сотталушының өзі кінәсін мойындады, дәлелдемелер дауласпады. 5 миллион теңге моральдық шығынды өтеу өте жоғары деп есептегендіктен, азаматтық талап ішінара қанағаттандырылды.

 Сот шешімі бойынша, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі режимдегі колонияда өтейтін болды.

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда түнде шақыртумен бір жасар балаға барған жедел жәрдем жүргізушісі мен айыпталушының арасында жанжал туған еді. Арты төбелеске ұласып, жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылды.

 

Серіктес жаңалықтары