Жүріп бара жатқан вагонға мінбек болған ресейлік аяғынан айырылды

Оқиға Ресейде болды.

Жүріп бара жатқан вагонға мінбек болған ресейлік аяғынан айырылды
Сурет: www.istockphoto.com
797

Ресей Федерациясының Нижний Новгород қаласында ер адам кетіп бара жатқан пойызға секіріп мінбек болған кезде аяғынан айырылып қалды, деп жазды turkystan.kz.

Baza телеграм арнасында жарияланған видеодан үш адамның енді ғана қозғалған вагонға секіріп мінуге тырсықанын көруге болады. Олардың бірі секіріп вагон ішіне мініп кеткенімен одан кейінгі азаматтың аяғы тайып құлап кеткен. Тепе-теңдікті жоғалтып алған азамат қауіпсіз аймақ пен вагондар арасындағы қуысқа құлаған. Ал үшінші адам оған қарамастан вагонға мініп үлгерген.

Қазіргі сәтте жәбірленуші ауруханада жатыр. Ауруханада оның аяғының кесіп тастауға тура келген.

 

Серіктес жаңалықтары