Алматы облысында өзен бойынан әйел адамның мәйіті табылды

ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты

Алматы облысында өзен бойынан әйел адамның мәйіті табылды
Республикалық жедел-құтқару жасағы
518

Алматы облысында өзен бойынан әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағынан мәлімдеді.

Мәлімет бойынша, Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 20-35 жас аралығындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған. Құтқарушыларға сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабар берген.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары