Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовпен қалай ажырасқанын айтты

Актрисаның айтуынша, ол үлкен кісілердің рұқсатымен ажырасқан

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовпен қалай ажырасқанын айтты
Instagram/aigul_imanbayeva
685

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен қалай ажырасқанын айтып, сыр тарқатты.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, әнші ата-енесі өзімен қимай қоштасқанын айтқан.

Балам алты айлық, оны алып, Сәбиттің ауылына, яғни ата-енеме бардым. Он күндей үйде болдым. Бірақ барған бойда ажырасатынымды айттым. «Сіздердің баталарыңызды алып кетейін деп едім. Немереңіз, міне, қай уақытта десеңіз де алып келуге дайынмын, тек тұра (Сәбитпен) алмаймын» деп түсіндірдім. Содан үлкен әжеміз тірі еді. Сол жылады, «Сәбитпен сөйлесейін, кетпе» деді. Сосын бұл менің шешімім екенін түсіндірдім, – деді ол.

Актрисаның айтуынша, ол үлкен кісілердің рұқсатымен ажырасқан. 

Содан он күн үйде болып, үйдің бәрін тазалап, ішін ақтап, бәрімен қоштасып кеттім. Олар өз ата-анамның үйіне дейін әкеліп тастады. Анам да ол кісілерді қой сойып, қонақ етті. Одан бөлек «құдағидың сыбағасы» деп тағы бір қой сойып, беріп жіберді. Міне, солай үлкендердің рұқсатымен ажырастым. Себебі, олардан жаманшылық көрген жоқпын. Асылжан қырқынан шыққанша енем қолымды салқын суға салғызбай, мені бақты.

Әйел болып жамандайын десем, олардың жамандығын көрмедім. Күні бүгінге дейін араласамын, сәлем саламын. Әлі күнге дейін солай енемді «мама» деймін, - деді Айгүл Иманбаева.

 

Серіктес жаңалықтары