Алматыда 2 жүргізуші жол бойында төбелесіп қалған

Алматы полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді

Алматыда 2 жүргізуші жол бойында төбелесіп қалған
Видеодан алынған кадр
432

Алматыда жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласты.

Желіде тараған видеода жас жігіттің өзге жүргізушіні басынан, тізесімен бетінен ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Оқиға дәл жолдың бойында болды.

Алматы полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары