БҚО-да 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жалпы кейінгі екі жылда мемлекетке 11 млн 500 гектар жер қайтарылды

БҚО-да 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
elements.envato.com
1141

БҚО-да 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады turkystan.kz 24kz арнасына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының фермерлері шаруашылық жүргізуге жер жоқтығын айтып, шағым білдірді. Олар өз мәселелерін Мәжіліс депутаттарына жеткізді.

Депутаттардың айтуынша, бұл проблема тек Батыс Қазақстанда ғана емес, Алматы мен елдің солтүстігінде де бар. Депутат Бақытжан Базарбек "Жер аманаты" бағдарламасы шеңберінде мәселені шешуге күш салынып отырғандығын айтты.

Биыл мемлекет меншігіне 50 мың гектар жерді қайтару көзделген еді. Алайда жоспар үш есе артық орындалды. Жалпы кейінгі екі жылда мемлекетке 11 млн 500 гектар жер қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары