Алматы тауларында жас туристер жоғалып кетті

Оқиға туралы ҚР ТЖМ хабарлады

Алматы тауларында жас туристер жоғалып кетті
inbusiness.kz
423

Жас жігіттер ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы тауларында адасып кеткен. Оқиға туралы ҚР ТЖМ хабарлады. 

Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі жас жігіттен тұратын топ Панорама шыңына тауға көтеріліп, кейін түсе алмай қалған деген болжам бар.

ТЖМ жедел тобы "Панорама" құтқару кабинасында жоғалған адамдарды тауып, таулардан Алматы қаласына түсірген.

Жастарға медициналық көмек қажет болмаған.

Серіктес жаңалықтары