«Туған анаңды тап»: Жәнібек өзін асырап алған анасының соңғы тілегін айтты

Бала күнінде Белгия асып кеткен Жәнібек (Мұрат Савелиев) өзін асырап алған анасы Валеридің соңғы тілегін жеткізді.

«Туған анаңды тап»: Жәнібек өзін асырап алған анасының соңғы тілегін айтты
фото: ғаламтор
Автор
Админ
685

Валери оған туған анасын табуды тапсырған.

«Өмірде жақынынан айырылып қалғандардың бәріне көңіл айтқым келеді. Валери 10 шілде күні қайтыс болды. Мені асырап алған анам таңғы 10:30-да бұл дүниемен қош айтысты. Биыл қаңтарда Тайландта жүргенімде Валери ұзақ жылдар бойы азап шеккеннен кейін эвтаназияға жүгінгенін айтып еді. Валери мықты адам ретінде есімізде қалады. Өйткені ол басына түскен қиындықпен жалғыз күресуге мәжбүр болды. «Туған анаңды тап және мына үлкен әлемде жалғыз қалма» деп маған соңғы тілегін айтып кетті. Сауалы көп, жауабы жоқ оқиғада оның тілегін орындай алар ма екенбіз..? Рахмет, мама!»-дейді Жәнібек.

Валери оны өз ұлындай жақсы көрген. Жәнібек өзіне хат жазып, көңіл айтқан жандарға да алғысын айтты.

«10.07.2024. — көпшілік білетіндей, бұл менің ең жақын адамым қайтыс болған күн. Иә, әлемдегі жалғыз жақын адам. Валери менің туған анам болмаса да, ол мені өз ұлындай жақсы көрді және мен үшін қолынан келгенін жасауға тырысты . Мен оны жақсы және мықты адам ретінде еске аламын. Ол бірнеше жыл бойы басына түскен қиындықпен жалғыз күресті. Мені қолдап, хат жазып, көңіл айтқан жандарға рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін, жақсы адамдар»-деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары