Орал қаласында екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті

Оқиға бүгін қаладағы бес қабатты үйлердің бірінде болды

Орал қаласында екі жасар қыз екінші қабаттан құлап кетті
gov.kz
436

Орал қаласында екінші қабаттан құлап кеткен кішкентай қыз ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін қаладағы бес қабатты үйлердің бірінде болды.

«Ересектердің қарауынсыз қалған алдағы айда екі жасқа толатын қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Қазір ол ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. БҚО ТЖ департаменті кішкентай балаларды бақылаусыз қалдырмау керектігін еске салады», - деп хабарлады ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары