Алматыда екі автокөлік соғысып, үш адам зардап шекті

Апат дерегін тергеуге Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті

Алматыда екі автокөлік соғысып, үш адам зардап шекті
istockphoto.com
245

Бүгін таңертең Алматыда екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Апат салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 6:50-де Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

"Audi маркалы автокөліктің жүргізушісі Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Жандосов көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл тыйым салу сигналына шығып Жандосов көшесімен шығысқа қарай келе жатқан Лада маркалы автокөлікпен соқтығысты. Осы ЖКО салдарынан Лада автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы дене жарақатын алды", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары