Географиядан өткен халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды

Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 география бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты.

Географиядан өткен халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды
istockphoto.com
Автор
Админ
332

Біздің жүлделі болған оқушылар:

Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.

Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!

Анықтама үшін: IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.

Серіктес жаңалықтары