Тараздықтарға 60 млн теңге несие рәсімдеген қызметкер Ресейде ұсталды

2019-2022 жылдар аралығында күдікті банк филиалының қызметкері бола отырып, клиенттердің атынан оларға несие рәсімдеген.

Тараздықтарға 60 млн теңге несие рәсімдеген қызметкер Ресейде ұсталды
Бас прокуратура
293

Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлады turkystan.kz.

2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отырып, банк клиенттерінің атынан оларға несие рәсімдеген.

Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған, - делінген хабарламада.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн теңге көлемінде залал келтірілген. 

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Сәуір айында фигурант Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Серіктес жаңалықтары