«20 жыл өмір тілейміз»: Итінің бір жасын тойлаған композитор желіде қызу талқыға түсті

Өнер иесі желіге итіне арнайы туған күннің қалпағын кигізіп, шам үрлеткен видеосын жариялаған.

«20 жыл өмір тілейміз»: Итінің бір жасын тойлаған композитор желіде қызу талқыға түсті
instagram/oktem_altayev
391

Белгілі композитор, әнші Өктем Алтаев итінің бір жасын тойлап, ел талқысына түсті, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі желіге итіне арнайы туған күннің қалпағын кигізіп, шам үрлеткен видеосын жариялаған.

«Ит егесінің балалары көп болса, солардың қолдарынан нан жей берсем деп тілейді екен. Біз Роккиге 20 жыл өмір тілейміз. Балаларымның үйлену, ұзату, құдалық тойларының сүйегін мүжіп, немерелеріммен ойнай беруді саған Аллам нәсіп ете берсін», – деп итіне тілек білдірді сазгер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.

«Мына иттің арманы жоқ шығар», «Осындай қияли отбасылар ұнайды», «Үй жануарларын жақсы көретіндеріңіз көрініп тұр», «Итіңізге құда түсейікші», «Үйіңізге екінші Рокки керек емес пе?», «Рокки иесіне ұқсаған ақылды музыкант болсын», – деп жазды көпшілік.

Серіктес жаңалықтары