Өзбекстанда сақал өсірген ер адамдарға айыппұл салып жатыр

Қырынудан бас тартқан ер адамдар бұзақылық жасады және полиция қызметкерлерінің "заңды талаптарына" қарсы шықты деп айыпталады.

Өзбекстанда сақал өсірген ер адамдарға айыппұл салып жатыр
istockphoto.com
780

Өзбекстанда сақал қоятын ер адамдарға тыйым салынып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Өзбекстанның бірнеше өңірінде сақал қойған ер адамдар жауапқа тартылды.  Мұндай жағдай көбіне Джизак, Самарқан, Әндіжан және Ферғана облыстарында тіркелді.

Былтыр 31 қазанда қоғамдық орындарда медициналық көрсетілім негізінде жабылу немесе жол-көлік қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін киілетін арнайы бас киім киіп жүру жағдайларын қоспағанда, жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүретіндер үшін әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекске түзетулер туралы заң қабылданды.

Басылымның мәліметінше, заңды бұзғандарға 10-нан 15-ке дейін ҚДБ (3,4 миллионнан 5,1 миллион сумға дейін) айыппұл салынады. Қазақстандық теңгеге шаққанда бұл 2 миллионға жуық қаражат.

Сот қаулыларының деректер базасында әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекстің184−4-бабында көрсетілген барлығы 789 іс бар. Аталмыш бап бойынша бірінші сот шешімі 23 қарашада шыққан.

Қырынудан бас тартқан ер адамдар бұзақылық жасады және полиция қызметкерлерінің "заңды талаптарына" қарсы шықты деп айыпталады.

Серіктес жаңалықтары