Қорғаныс министрлігі 5 өңірдің тұрғындарына маңызды ескерту жасады

Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.

Қорғаныс министрлігі 5 өңірдің тұрғындарына маңызды ескерту жасады
Қорғаныс министрлігі
19517

Министрлік Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында әскери техника жүріп өтетінін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 2024 жылғы 2-13 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының «Мәтібұлақ» оқу полигоны базасында «Айбалта-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлап жатыр.  

«Жауынгерлік дайындық іс-шаралары Абай, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарының аумағы бойынша күштер мен құралдардың қозғалысымен ұштасады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы жылдың 26 тамызынан бастап бөлімшелер аралас тәсілмен, яғни теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пунктеріне де солай оралады», - делінген хабарламада.  

Көрсетілген уақыт кезеңінде еліміздің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. 

Осыған байланысты ел тұрғындарынан таратылатын қауесетке көңіл аудармай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.

Серіктес жаңалықтары