Таразда әйел адам көпірден секіріп кетті (ВИДЕО)

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері және жақын маңдағы жергілікті тұрғынмен бірге әйел құтқарылып, жағаға шығарылды.

Таразда әйел адам көпірден секіріп кетті (ВИДЕО)
скриншот
477

Таразда әйел адам көпірден өзенге секіріп, өз өмірімен қош айтыспақ болды, деп хабарлады turkystan.kz.

26 тамызда Тараз қалалық ПБ кезекші бөліміне бір адамның көпірден секіру арқылы өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері әйелді райынан қайтару үшін бар күш-жігерін салды. Соған қарамастан әйел көпірден секірді. Осы кезде полиция қызметкері оны киімінен ұстап қалды. Алайда көп ұзамай әйел адам суға құлады.

«Жедел әрекетке көшкен полиция лейтенанты Әлиайдар Рысмұхамбетов қатты ағысты өзенге секіріп түседі. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері және жақын маңдағы жергілікті тұрғынмен бірге әйел құтқарылып, жағаға шығарылды. Құлаған кезінде оның футболкасы жыртылған, сондықтан полиция қызметі.

Серіктес жаңалықтары